Тоқаевтың – Yeni Ekip Gazetesi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

2024 жылғы 01 мамыр

Қадірлі отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
https://t.co/vyYliIDsFC pic.twitter.com/HjcW14fJKT

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) May 1, 2024

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.

Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы.

Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді.

Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
https://t.co/vyYliIDsFC pic.twitter.com/HjcW14fJKT

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) May 1, 2024

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkynyn-birligi-kunimen-kuttyktauy-3033831

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді
Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

2024 жылғы

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

🔗https://t.co/3LHt2GARbD pic.twitter.com/oWUkjzN3AY

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) March 23, 2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады.

Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды.

Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kauipsizdik-kenesinin-shugyl-otyrysyn-otkizdi-2325748

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

🔗https://t.co/3LHt2GARbD pic.twitter.com/oWUkjzN3AY

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) March 23, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзіhttps://t.co/SqiSnAKLj5 pic.twitter.com/1u3VzlbBE1

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) April 27, 2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзі

Құрметті Ассамблея мүшелері!

Қадірлі қауым!

Еліміз жақында Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл – ырыс-ынтымақты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Қазақстан үшін бұл аса маңызды мереке. Еліміз Бірлік күнін міндетті түрде атап өтуге тиіс. Себебі қасиетті Отанымыздың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын десек, бірлігіміз әрқашан бекем болуы керек. Бұл – анық ақиқат.

Ассамблеяның алқалы жиынын жыл сайын ел бірлігі күніне орай өткізу дәстүрге айналды. Бұл сессия – көктем мезгілінде мемлекеттік деңгейде өтетін ең ауқымды іс-шара. Мұнда еліміз үшін өте маңызды ұсыныстар айтылады.

Мен былтырғы сессияда Ата заңымызға өзгерістерді референдум арқылы енгізу туралы бастама көтердім. Көп ұзамай халқымыз өзінің тарихи таңдауын жасады. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берді. Бұл – Ата заңымыз қабылданғаннан кейінгі алғашқы референдум. Біз осы бастама көтерілген кезде ел тағдырын айқындайтын маңызды жолдың бастауында тұрдық. Мақсатымызды айқындап, нақты жоспар құрдық. Дәл осындай тарихи сәтте халықтың бірауыздан қолдау білдіруі өте маңызды болды. Осыған орай түрлі ұсыныс айтылды. «Өзгерісті Парламент арқылы жасау қажет» деген пікірлер де болды. Бірақ біз әрбір азаматтың пікірін білген жөн деп шештік. «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген қағидатты ұстандық. Осылайша, «Келісіп пішкен тон келте болмайтынына» бүкіл ел болып көз жеткіздік.

Бір жылдың ішінде атқарылған жұмысқа зер салсақ, былтырғы референдумның тарихи маңызы зор екенін түсінеміз. Бұл Әділетті Қазақстанды құру ісіне бүкіл халықты жұмылдырған науқан болды. Жұртымыз жауапты сәтте ұлт ретінде ұйыса алатынын көрсетті. Референдумның түпкі нәтижесі және халқымыздың басты жетістігі – осы.

Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі.

Мен бұған дейін де айттым: еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Бұл жалаң ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек.

Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік!

Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады. Баршаңыз осы маңызды миссияны абыроймен атқара бересіздер деп сенемін.

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясынан бері елімізде түбегейлі өзгерістер болды. Саяси жүйе жүйелі түрде трансформацияланды, мемлекеттік құрылымның жаңа әрі анағұрлым демократиялық үлгісі қалыптасты. Билік өкілеттіктерін Президенттен Парламентке, орталықтан өңірлерге дейін орталықсыздандыру жұмысы жүргізілді. Жеті жылдық мерзімге бір рет президенттікке сайлану туралы норма заңнамалық тұрғыда бекітілді. Ол қайта қарауға жатпайды.

Мәжіліс пен мәслихаттарды қалыптастырудың аралас моделі енгізілді. Парламенттің бақылаушылық қызметі күшейтілді, заң шығару рәсімдері оңтайландырылды. Партияларды тіркеу процесі жеңілдетілді. Депутаттық мандатты қайтарып алу механизмі енгізілді. Облыстардың әкімдері мәслихат депутаттарының келісімімен баламалы негізде тағайындала бастады. Нәтижесінде азаматтардың елімізді басқаруға атсалысу мүмкіндігі айтарлықтай артты.

Сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтардың, ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізудің нәтижесінде азаматтар жергілікті билікке нақты ықпал ете алатын шынайы тетіктер пайда болды. Конституциялық соттың құрылуы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілуі құқық қорғау саласын түбегейлі күшейтті.

Референдумда қолдау тапқан жаңа мемлекеттік модель халқымыздың үмітін толық ақтайды және демократиялық дамудың жалпыға ортақ қағидаттарына сай келеді деп сенемін. Ол билікті тұрақты түрде ротациялауды және саяси жүйенің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Қазақстанның дамуын тек демократиялық қағидаттар мен ашық саяси бәсекелестік негізінде күшейте түседі. Ауқымды өзгерістер барысында Ассамблеяға баса мән берілді. Аталған бірегей институт парламенттік өкілдіктің жаңа тетіктеріне ие болды. Бұл озық халықаралық тәжірибеге толық сай келеді.

Ассамблеяның ұсынысы бойынша Президент тағайындайтын Сенаттың бес депутаты кері байланысты, қоғамдық бақылауды заңнамалық деңгейде жүзеге асырады және Қазақстандағы барлық этностың мүддесін Парламентте қорғайды. Бұдан бөлек, Ассамблеяның 12 мүшесі Ұлттық құрылтайдың құрамына кірді. Олар жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделін ілгерілету жөніндегі Құрылтайдың жұмысына өлшеусіз үлес қосып келеді. Ассамблея елімізді саяси тұрғыда жаңғыртып, жалпыұлттық тұтастықты нығайту ісінде маңызды рөл атқарғанын атап өткен жөн. Ассамблея реформалардың жұртшылық тарапынан кең қолдау табуына, мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттерін шешу ісіне барлық этносты жұмылдыруға ықпал етті. Осылайша, Қазақстан өз геосаяси аймағында ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатқан бірден-бір елге айналды.

Қолға алған ісіміздің оңайға соқпайтыны белгілі. Бірақ алған бетімізден қайтуға немесе қарқынымызды баяулатуға мүлде болмайды. Ел мүддесі бәрінен қымбат екенін, ал азаматтардың мүддесі бәрінің бел ортасында тұратынын әрдайым есте сақтауға тиіспіз. Сондықтан реформаларымыздың барлығы, ең алдымен, мемлекеттілікті нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталды. Саяси реформалар бағдарламасы барлық этносты бір ұлтқа біріктірудің шынайы әрі тартымды жаңа платформасына айналды.

Саяси құрылымның жаңа моделі негізгі мемлекеттік институттарды оның құрамына қосу арқылы үйлесімді механизмге айналуға тиіс. Дәл осы модель аясындағы саяси бағдардың жаңа жүйесінде дамуға және жасампаздыққа негізделген үйлесімді этносаралық қатынастар жаңаша қалыптасады.

Былтырғы референдум және сайлау науқандары бірлігіміздің бекем екенін айқын көрсетті. Сондай-ақ мемлекет пен қоғамның өзара сенімін нығайтты. Барша азаматтардың ел болашағына қатысты ұстанымы бір екенін танытты. Азаматтық бірегейлікті нығайту нәтижесінде өткен сайлау науқандарында этникалық немесе басқа да тар түсініктерге, ескі таптаурындарға жол берілмеді. Нағыз саяси бәсекелестік, көзқарас пен ой-пікір алуандығы сайлаудың ең басты жалпы азаматтық мотивіне айналды.

Біз Әділетті Қазақстанды құрудың практикалық кезеңіне қадам бастық. Қоғамда жаңа идеялар, жаңа институттар, жаңа қоғамдық қатынастар белсенді қалыптасып келеді. Қоғам мен мемлекеттің бейнесін өзгертетін нағыз реформа дегеніміз – осы.

Жуырда ғана айтқан стратегиялық жоспарымыз іске асқан шындыққа айналды. Ертеңіміз біртіндеп бүгінге айналып келеді. Біз аса маңызды шешімдерді бірге қабылдап, ортақ болашағымыздың іргетасын бірге қалаймыз. Ортақ мақсатымыз реформаларымыздың қозғаушы күші болатынына кәміл сенемін. Жалпы айтқанда, біздің ең басты әрі теңдессіз жетістігіміз – осы.

Құрметті сессияға қатысушылар!

Нағыз демократия ұлтты қарқынды дамыту және азаматтық идеяларды сіңіру үшін ең қолайлы жағдайды сөз жүзінде емес, іс жүзінде қалыптастырады. Тәуелсіздік жылдары елімізде жаңа жалпыұлттық бірегейлік қалыптасты деп батыл айта аламыз. Оның көрінісі мен символдары қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін жасанды идеологиялық тұжырымдар әзірлеп, түсіндірмелер жасаудың және ойланып-толғанудың қажеті жоқ. Шын мәнінде, бәрі анық көрініп тұр.

Біздің көк паспортымыз бен көк байрағымыз – тарихымызбен астасқан және миллиондаған адамның жүрегінен орын алған бірегейлігіміздің нағыз символы. Біздің паспортымыз этникалық шығу тегіне, діни ұстанымына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, адамды Қазақстан Республикасының азаматына тиесілі құқықтармен және міндеттермен толық қамтамасыз етеді. Біздің паспортымызды иелену халықаралық аренада беделді елдің азаматы болу және дүниежүзін кедергісіз шарлауға мүмкіндік алу, өзіңді қазіргі әлемнің ажырамас бөлшегі ретінде сезіну дегенді білдіреді. Демек, бұл – азаматтарымыз әрдайым және барлық жерде өз мемлекетінің қорғауында болады деген сөз.

Қазақстан паспорты – біздің бірлігіміз бен татулығымызға негіз болған прогрессивті құндылықтардың көрінісі. Өз кезегінде көк байрағымыз – қасиетті тәуелсіздігіміз бен көпғасырлық мемлекеттілігіміздің жарқын белгісі. Туымыз ірі халықаралық спорт жарыстарында және басқа да сондай шараларда жоғары көтерілген сайын біздің бойымызды елімізге деген мақтаныш сезімі кернейді. Даңқты отандастарымызды – спортшыларымызды, мәдениет қайраткерлерімізді, ғалымдарымыз бен студенттерімізді, кәсіпкерлерімізді шыққан тегіне қарамастан, шетелде үнемі қазақтар деп атайды. Бұл – табиғи құбылыс. Солай болуға тиіс.

Біздің қоғам – ортақ идеалдар мен құндылықтар біріктірген еркін әрі жауапкершілігі мол азаматтардың одағы. Бұл – жалпыұлттық бірегейлігіміздің тағы бір жарқын көрінісі. Сондықтан бүгінде азаматтарымыздың барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының, шын мәнінде, қазақ ұлтының мүшесі сезінеді. Біз бәріміз – бір отбасымыз. Бұл – артық айтқандық емес. Бұл – біздің шынайы болмысымыз. Осы ретте біз мақтаныш ететін этномәдени әралуандығымыз ешқайда жоғалып кетпейді. Керісінше, біртұтас азаматтық негіз есебінен нығая түседі.

Елімізде түрлі мәдениет дәстүрлері жалпыұлттық бірегейліктің берік іргетасы болып қаланатын өзімізге тән айрықша өмір сүру салты қалыптасты. Осынау ерекше бірегейлігіміз уақыт тезіне төтеп беріп, қоғамдық сананың өзегіне айналды. «Бірлігіміз әралуандықта», «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидаттары – бұл ұран емес, күнделікті тұрмыс-тіршілігіміздің мәні.

Биыл қасиетті Рамазан айының басталуы Наурыз мейрамымен қатар келді. Пасха мен Ораза айтты мерекелеу күндерінің де арасы жақын болды. Мұның ерекше символдық мәні бар. Ораза кезінде мұсылмандар мызғымас адамгершілік құндылықтарды дәріптейді. Бір-біріне ізгі тілектерін арнайды. Сол секілді Пасха да – адамдарды жоғары гуманистік идеалдарға үндейтін мерейлі мейрам. Сондықтан бұл мерекелердің бәрі этникалық шығу тегіне қарамастан, еліміздің миллиондаған азаматы үшін ортақ мейрамға айналды. Біз азаматтарымыздың ерекше ауызбіршілігіне куәміз.

Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны болып саналады. Бұл – табиғи үрдіс.

Дәстүрлердің осылайша бітеқайнасуы, этносаралық және конфессияаралық келісім, өзге мәдениетке толерантты болу – біздің баға жетпес байлығымыз, қазіргі тілмен айтсақ, ұлттық брендіміз. Отансүйгіштік, әдептілік, қонақжайлық, еңбекқорлық, халықтық дәстүрлер мен отбасы құндылықтарын құрметтеу ұлтымыздың мәдени және адамгершілік қасиеттері саналады. Мұны бүкіл қоғамымыздың адамгершілік негізі деп айтуға болады. Әр адамның ішкі моральдық өзегі туралы ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан таным-түсінігі осыған сүйенеді.

Ұлы Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» деген сөзі бар. Расында, санасы сергек, жауапкершілігі жоғары адамдар ғана қоғамды жаңғыртады, түрлі этностар мен мәдениеттердің басын қосқан ұлтымызды алға қарай жетелейді.

Әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілік сезімінен, туған елінің тағдырына бей-жай қарамайтын жауапкершілігінен ұлтымыздың жаңа сапасы көрініс табады. Еліміздің барлық азаматы үшін ең дұрыс өмірлік ұстаным осы деп санаймын. Менің ойымша, еліміздегі үйлесімді этносаралық қатынастың сыры да – осында.

Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы да бірлікке, татулыққа және өзара тілектестікке негізделуі керек. Әсіресе, көршілес, бауырлас елдермен болашағымызды бөле-жара қарамаймыз.

Жақында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров әлеуметтік желіде қазақ пен қырғыздың достығы туралы лебізін білдірді. Шын мәнінде, біз – тамырлас, тағдырлас, бір туған жұртпыз. Қиындықты бірге еңсеріп, қуанышты бірге бөлісіп, қилы заманның бәрінен бірге өтіп келеміз.

Ұлы Абай «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды» деген. Мұхтар Әуезов «Манас» жырын идеология құрығынан құтқаруға ерекше еңбек сіңірген. Молда Қылыш пен Шыңғыс Айтматовқа өз бауырындай араша түскен. Бұл екі елдің ерекше жақындығын және жанашырлығын айқын көрсетеді. Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы оқиғалар және кейіпкерлер қазақ жерімен тығыз байланысты. Алатаудың бөктерін қатар жайлаған егіз халық болашаққа бірге қадам баса береді. Мен бұған кәміл сенемін. Біз басқа да бауырлас елдермен, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты осындай деңгейде жалғастыруымыз керек.

Құрметті сессияға қатысушылар!

Ассамблея – еліміздің саяси жүйесінің аса маңызды бөлігі. Бұл құрылым ел бірлігін нығайтуға орасан зор үлес қосып келеді. Ассамблеяның қызметіне көптеген азаматымыз атсалысып жүр. Былтыр Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Онда жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Басты міндеттің бірі – жұртты азаматтық бірегейлікті дамыту ісіне жұмылдыру. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы диалог орнату да өте маңызды.

Бүгінде Ассамблея жалпыұлттық маңызы бар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Оның бәрі барша халқымызға ортақ рухани құндылықтарды нығайтуға арналған. Ассамблея волонтерлік және қайырымдылық шараларға ұйытқы болуда. Тілеулестік, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерді дәріптеуде. Соның арқасында қоғамда әлеуметтік жауапкершілік идеясы орныға түсті. Ассамблея медиация институтын дамытуға үлес қосып келеді. Жастармен тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл – өте ауқымды және маңызды жұмыс. Бір сөзбен айтсақ, Ассамблея мүшелері – еліміздің болашағы жарқын болуы үшін еңбек етіп жүрген нағыз отаншыл азаматтар, нағыз патриоттар.

Осы орайда жыл бойы атқарған жемісті еңбегі үшін қоғамдық орынбасарларым – Тауфик Акрамович Каримовке және Наталья Григорьевна Дементьеваға алғыс айтамын. Сондай-ақ этномәдени бірлестіктер атынан жаңадан тағайындалған орынбасарларым – Акбаржон Яхияхожаевич Исмаиловты және Аурика Георгиевна Дякті таныстыруға рұқсат етіңіздер! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Құрметті Ассамблея мүшелері!

Қадірлі достар!

Қазір дүниежүзіндегі ахуал түбегейлі өзгеріп жатыр. Жаңа басымдықтар пайда болуда. Сырттан төнген сын-қатерлердің бетін қайтару аса өзекті мәселеге айналды. Мемлекеттер үшін егемендікті қорғаудың, ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы арта түсті. Бұл ретте этносаясат байыппен жүргізілуі керек. Яғни татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі.

Сессия аясында кеше нақты мәселелерге арналған пікірталас өткенін білемін. Этносаясатта жаһандық және аймақтық үдерістер ескерілуге тиіс екені айтылды. Бұл – өте орынды ұсыныс. Яғни, этносаралық қатынас мәселесін заман талабына сай реттеу қажет. Бұл жұмыс ауқымды реформалармен үндес болуға тиіс.

Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, этносаралық саясат айрықша назар аударып, ұдайы жетілдіріп отыруды қажет етеді. Шын мәнінде, азаматтардың бірлігін, жалпыұлттық бірегейлікті және еліміздің этноәлеуметтік тұтастығын нығайту жөніндегі іргелі, тіпті қасиетті деп айтуға болатын міндеттерді жүзеге асырмайынша, мемлекеттің бірде-бір стратегиялық міндетінің орындалуы мүмкін емес екенін естен шығармаған жөн. Осыған байланысты жұмысымызда мынадай басымдықтарға мән беруді ұсынамын.

БІРІНШІ. Бірлігіміз бен татулығымызға сына қаққысы келетін кез келген арандатушылық әрекетке батыл түрде тосқауыл қою қажет.

Қоғамда түрлі жалған ақпарат немесе фейктер мен деструктивті жарияланымдар айтарлықтай көбейгенін көріп отырмыз. Оның басым бөлігінде авторларының Қазақстанға түк қатысы жоқ. Шетелде отырып, біздің қоғамда ірікті салғысы келеді. Олардың сөзі мен әрекеті адамдар арасындағы сенімге селкеу түсіріп, алауыздықты қоздыруға, мемлекеттік қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған. Осындай жайттарды ескерсек, қылмыстық және тұрмыстық сипаттағы кез келген оқиға теріс пиғылды адамдардың кесірінен этносаралық жанжалға айналуы және оның салдары ауыр болуы мүмкін. Сіздер оны жақсы білесіздер. Сондықтан жауапкершілігі бар азамат ретінде радикализм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген түріне қарсы тұруға тиіспіз. Бұл орайда абай болған жөн. Бірақ қаталдық та керек. Түптеп келгенде, әділ болу қажет.

Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз – Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз – бүгінгі өмірі және болашағы –бір бауырлас азаматтармыз.

Мемлекет заң аясында этносаралық қарым-қатынас, тіл және әлеуметтік мәселелерге қатысты барлық арандатушылық әрекеттің жолын кеседі. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені айрықша бақылауда ұстайды және заңға сай әрекет етеді. Бұл ретте еліміздің әрбір азаматы өз сөзі мен әрекеті үшін жауап беретінін сезінуге тиіс. Эмоцияға бой алдырып, сырттан таңылған алауыздық пен өшпенділіктің жетегіне еруге болмайды. Өзгенің ақпараттық соғысы мен идеологиялық дауының бізге қажеті жоқ.

Демократия туралы сөз қозғағанда, таразының бір жағында азаматтың құқықтарымен және бостандығымен қатар, оның міндеттері мен жауапкершілігі тұрғанын ешқашан естен шығармауымыз керек. Еркіндікті жүгенсіздікпен шатастырмайық. Ал диалог мәдениетін әлсіздік деп қабылдамаған жөн. Бір адамның бостандығы шектелетін жерден, екінші адамның еркіндігі басталатыны ежелден белгілі.

Ынтымағы жарасқан қоғам құрамыз десек, біз заң мен тәртіпке мүлтіксіз бағынуымыз қажет. Бұл – Әділетті мемлекет құрудың ең басты қағидаты. Оны жүзеге асыру үшін кез келген құқықбұзушылық әрекет жазасыз қалмауы керек. Заң нормалары қағаз күйінде қалып қоймай, іс жүзінде, яғни қоғамдағы орнына немесе сіңірген еңбегіне қарамастан, азаматтардың барлығына бірдей қолданылуға тиіс. Екінші жағынан, халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беріп, оның құқықтық салдары қандай болатынын нақты түсінуге тиіс.

«Плюрализмді құптаймыз, ал радикализмге жол жоқ» – бұл біздің мызғымас қағидатымыз. Ақпараттық кеңістігімізде және қоғамда достық пен татулық, сындарлы диалог пен адами қарым-қатынас рухы салтанат құруға тиіс. Қазақстан үшін бұл ойдан шығарылған немесе жасанды ұғымдар емес. Бұл – біздің тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, ең бастысы, келешегіміз.

Ұлттық бірлігімізді, достығымызды, азаматтарымыздың толеранттылығы мен отаншылдық сезімін айшықтайтын тамаша мысалдар жетерлік. Ассамблея мен оның мүшелерінің әлеуметтік желіде бейбітшілік, татулық идеясын белсенді түрде насихаттайтыны және арандатушылық әрекеттерге қарсы шұғыл шара қолданып, бірлігімізді қорғайтыны қуантады. Өткен жылы Ассамблея өкілдері бірлікке шақыратын прагматикалық ұстанымнан айнымайтынын көрсетіп, қоғамда резонанс тудырған жағдайларға қатысты бірнеше рет мәлімдеме жасады.

Сіздерді жай ғана қоғамдық бірлестіктің бөлігі емес, бейбітшілік пен келісім идеясының нағыз құзыретті өкілі деп білеміз. Этносаралық және конфессияаралық қатынастарға байланысты шетін мәселелер талқыланған кезде, үнемі парасаттылық пен көрегенділіктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Осы бағытымыздан таймасақ, қоғамымызға іріткі салатын кез келген қауіп-қатерге төтеп бере аламыз.

Әрбір азамат ел ішінде де, шетелде де халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастыққа негізделген құндылықтарын табанды түрде қорғауға тиіс. Оның бір мысалы – әлеуметтік желідегі челлендждер. Онда этникалық шығу тегі әртүрлі азаматтарымыз халқымыздың бірлігін дәріптеп, елімізде кемсітушілікке жол берілмейтінін айтады. Креативті индустрия өкілдері және қарапайым шығармашылық адамдары Қазақстандағы достық пен өзара түсіністікті, азаматтарымыздың мейірімділігі мен толеранттылығын паш ететін контент жасайтыны қуантады. Мұндай мазмұндағы әндер, өлеңдер, бейнероликтер әрқашан аудиторияның ерекше ықыласына бөленеді.

Халқымыздың ынтымақ-бірлігі бұл –тағдырдың бере салған сыйы емес. Бұл – ең алдымен, жұртымыздың күнделікті табанды еңбегінің арқасы екенін дұрыс түсінуіміз керек. Сондықтан біз бірлігімізді күн сайын нығайтып отыруымыз қажет. Яғни, татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуға тиіс. Әйтпесе, елдікті сақтап қалуымыз өте қиын болады.

Жақсы тілек айту – халқымыздың қанына сіңген қасиет. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтылмаған. Мен барша отандасымызды еліміздің береке-бірлігін бағалай білуге шақырамын. Шын мәнінде, ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – заң алдында – қылмыс, Құдай алдында – күнә. Осыны бәріміз терең түсінуіміз қажет.

ЕКІНШІ. Этноәлеуметтік шиеленістің шығу себептерін жою үшін нақты шаралар қабылдаған жөн.

Өткен сессияда мен томаға-тұйық тіршілік ететін этникалық аудандар мен кварталдардың пайда болуына жол бермеу мәселесімен айналысуды тапсырдым. Бүгінде кешенді шаралар әзірленіп, алдағы жұмыс жоспары жасалды.

Енді оның сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету керек. Бұл өте шетін жұмыс екенін ескеріп, оны қажетті ресурстармен күшейту қажет. Бұл ретте этноәлеуметтік топтардың қоғамға толыққанды кірігуіне кедергі келтіретін аймақтық ерекшеліктерге, мәдени және басқа да факторларға баса мән беру маңызды.

Соңғы кездегі жанжалдар негізінен ауылдық жерде болды. Сондықтан шалғай ауылдардың тұрғындары арасында белсенді ақпараттық жұмыс жүргізу қажет. Бұл, әсіресе, бір этнос өкілдері шоғырлана қоныстанған аудандарға тікелей қатысты. Жұртшылыққа мемлекеттің этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатын түсіндіру керек. Ұлты әртүрлі азаматтарымыздың өзара достығы мен татулығы туралы мысалдардың көп екенін көрсетуміз қажет.

Жергілікті қоғамдастықтың Ассамблея мен оның қоғамдық құрылымдарының жұмысына атсалысуына мүмкіндік жасау өте маңызды. Этностардың өзара аралас-құралас өмір сүруіне барынша жағдай жасау қажет. Бұл, түптеп келгенде, елімізде бірыңғай жалпыұлттық коммуникациялық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ассамблея көпұлтты халық тұратын аудандардағы жұмысқа баса мән беруі керек.

Ассамблеяның қызметін біртіндеп ұлттың ықпалдастық әлеуетін күшейтуге бағыттау керек. Сондай-ақ Ассамблея этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тың серпін беру мәселесіне айрықша назар аударуы қажет. Олар этносаралық коммуникацияның тиімді жолдарын қалыптастыруға тиіс. Түрлі этностардың мәдениет қайраткерлері арасында қоғамдық диалогтың болуы өте маңызды. Жұмыс тәсілі қазіргі заманға сай болғаны жөн. Үкімет осы айтылған мәселелерге назар аударуы керек.

ҮШІНШІ. Көпмәдениетті ортаны дамытып, барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жүйелі қадамдар жасау қажет.

Жалпыұлттық азаматтық бірегейлік этникалық ерекшеліктерді жоққа шығармайды. Ол азаматтық қоғамның жаңа моделінің негізін қалыптастыруды көздейді. Қазақстандағы әрбір этностың өз дәстүрін, мәдениеті мен тілін дамытуға мүмкіндігі болды және бола береді. Бұл, шын мәнінде, жалпыұлттық бірегейлігіміздің негізі. Сонымен қатар Қазақстанның барлық азаматы мемлекетіміздің өткеніне, бүгініне және болашағына, ұлтымыздың рәміздеріне және оның мәдени өзегіне қатысы бар екенін сезінуі керек. Мен айтқан «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт», «Бірлігіміз әралуандықта», қағидаттары мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру жүйесінің берік негізі болуға тиіс.

Ұлттық театрлар мен олардың шын мәніндегі халықтық ұжымдары шығармашылығының мәні зор. Бұл театрлардың еліміздің барлық аймағында және үлкен сахналарында, сондай-ақ шетелде гастрольдік сапарын ұйымдастыру қажет деп санаймын. Қазақстанның этномәдени әралуандығы көркем фильмдерде, телехикаяларда, театрландырылған қойылымдарда көрініс табуға тиіс.

Қазақстандағы түрлі этностардың тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға арнайы көңіл бөлу қажет. Олар бірлік пен өзара түсіністікке негізделген құндылықтарды жан-жақты насихаттап, жалпыұлттық мәселеге баса мән беруі қажет. Еліміздегі үйлесім мен татулықты нығайтуға нақты істерімен үлес қосып жүрген азаматтарды жан-жақты көтермелеу қажет.

Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сыйлығын тағайындауды ұсынамын. Біріншісі – әдебиет пен журналистика салаларындағы үздік жұмыс үшін. Екіншісі – мәдениет пен өнер саласындағы үздік шығармалар үшін. Аталған сыйлықтарды жекелеген авторлар да, шығармашылық ұжымдар да ала алғаны маңызды. Бұл ретте сыйақы мөлшері мемлекеттік сыйлықтан кем болмауға тиіс.

Бұған қоса жаңа мемлекеттік награда – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғам бірлігін нығайту жолындағы табысты еңбегі үшін» орденін бекіткен жөн. Бұл награданы алғашқы иегерлеріне биыл қазан айында Республика күніне орай табыстауға болады. Азаматтарымыздың еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесін мемлекеттік деңгейде мойындау жалпыұлттық бірлікті нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін.

Жалпы, еліміздің геральдикалық белгілерін одан әрі жетілдіру жөнінде ойлануымыз керек. Ол азаматтарға жақын әрі түсінікті, әлемнің озық тәжірибелеріне сай және халқымыздың ерекше бірегейлігін танытатындай болуға тиіс. Бұл мәселені Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында талқылаймыз.

Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек.

Бұл – тек салалық министрліктердің ғана емес, бүкіл қоғам болып шешетін тарихи міндет. Осы ретте асырасілтеушілік пен даңғазалыққа жол бермей, парасатты әрі дәйекті түрде әрекет еткен жөн. Мемлекеттік тілді оқымаған және тиісті деңгейде меңгермеген азаматтар тіл білмегені үшін қысым көрмеуге тиіс. Сонымен қатар біздің қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы қажет.

Қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады. Түптеп келгенде, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді.

Жалпы, мемлекеттік тіл төңірегінде оң көзқарас ұстану қажет. Тіл мәселесіне қатысты барлық пікірталас этникалық емес, азаматтық және саяси сипатқа ие екенін түсіну маңызды. Бұл мәселеде кез келген жөнсіз әрекеттің салдары ауыр, тіпті қайғылы болуы мүмкін.

ТӨРТІНШІ. Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту керек.

Бұл жұмысты орталықта және аймақтарда жүргізген жөн. Біз ауқымды саяси реформалардың нәтижесінде шынайы пікір алуандығына қол жеткіздік. Әрине, әр саясаткердің өз пікірі болуы орынды. Елімізді дамыту, күнделікті мәселелерді шешу туралы көзқарастар үнемі бірдей бола бермейді. Бұл – түсінікті. Алайда ел бірлігін сақтауға келгенде біз жұдырықтай жұмыла білуіміз керек.

Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс. Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып, кеңесіп отыруы қажет. Сонда бірлігімізді нығайтамыз. Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз.

Партияларды ортақ іске жұмылдырудың тағы бір маңызды жолы – Парламентте депутаттық бірлестік құру. Ассамблеядан сайланған бес сенатор бұл шаруаның басы-қасында жүруі керек. Этносаралық қатынас саласындағы өзін-өзі басқару институттарын дамыту – маңызды міндеттің бірі. Ассамблея бұл жұмысты этномәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіру арқылы атқаруда.

Осында министрліктердің, мекемелердің, аймақтардың, Парламенттің және Президент Әкімшілігінің басшылары отыр. Олардың көпшілігі – Ассамблея мүшесі. Ассамблея қызметіне белсене атсалысу – баршаңызға ортақ міндет. Ассамблея да әкімдіктер мен мәслихаттардың жұмысына атсалысуы қажет. Бір сөзбен айтқанда, Ассамблея және билік органдары өзара тығыз байланыста болуға тиіс. Мұның айрықша мәні бар. Құзыреттерді жоғарыдан төменге беру ісінде осы мәселені ескерген жөн. Мемлекеттік орган басшылары Ассамблея өкілдерімен тұрақты кездесіп отыруы қажет. Мұндай кездесулер кем дегенде жарты жылда бір рет өткізілуі керек.

Ассамблеяның барлық негізгі жұмысы жергілікті жерде, яғни халық арасында жүргізілуге тиіс. Осы сессияда жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуы ғана емес, сондай-ақ жалпы реформалардың табысты болуы да аймақтық ассамблеялар мен жергілікті этномәдени бірлестіктерге тікелей байланысты.

Ассамблея көптеген игілікті іске ұйытқы болып жүр. Мәселен, рекордшы Сергей Цырульников «100 ауыл» жобасы бойынша бастама көтерді. Ол ауылдық жердегі 100 мектепті спортқа қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Мұның бәрін бюджеттен қаржы сұрамай жүзеге асырды.

«Үйде сөйле» атты жобаның аясында аула клубтары ашылып жатыр. Тұрғындар сол жерде бас қосып, қазақ тілін үйрене бастады. Әкімдіктер осындай ұтымды бастамаларға барынша қолдау көрсетуге тиіс. Этномәдени бірлестіктердің жергілікті билікпен тікелей қатынас орнатуы маңызды.

БЕСІНШІ. Біздің этносаясатымыз біртұтас болып, дәйекті түрде жүргізілуге тиіс.

Сондай-ақ ғылыми тұжырымдарға негізделуі қажет. Осы саладағы тапсырмаларды орындау барысында менің сайлау алдындағы тұғырнамам және басқа да стратегиялық құжаттар басшылыққа алынуы керек. Мысалы, қазір әлеуметтік салада жүйелі өзгерістер жасалып жатыр.

Мен жақында Әлеуметтік кодекске қол қойдым. Мұндай маңызды құжат ТМД мемлекеттері ішінде алғаш рет қолданысқа енгізіліп отыр. Бұл кодекс еліміздің жаңа әлеуметтік саясатын айқындайды, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың мүлде жаңа үлгісін қалыптастырады. Сондай-ақ жаңа әлеуметтік келісімнің негізін қалайды. Бір сөзбен айтқанда, жаңа кодекс бүгінгі күннің талаптарымен мейлінше үндеседі.

Сол сияқты, этносаясат та мемлекеттің басымдықтарына толық сай келуі керек. Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін кешенді талдау қажет. Үкімет жыл соңына дейін ұлттың қалыптасу процесінің қазіргі жай-күйіне талдау жасалған және тиісті өзекті ұсыныстар берілген сараптамалық баяндама әзірлеуі керек. Осы мәселеге қатысты ғылыми зерттеулерге баса назар аудару қажет.

Мемлекеттік органдардың ғылыми ұсынымдарға немқұрайлы қарап, көбінесе ескерусіз қалдыруы – бұл, жалпы, мұқият қарастыратын маңызды мәселе. Салалық министрліктерден, Мемлекеттік басқару академиясынан дәл осы саладағы ғылыми-талдау жұмыстарының сапасын және практикалық тиімділігін арттыру жөнінде нақты ұсыныстар күтемін. Бұл – өте маңызды.

Құрметті жиынға қатысушылар!

Бүгінгі сессияның тақырыбы алдағы мақсат-міндеттердің өте өзекті екенін көрсетеді. Кешеден бері айтылған ұсыныстар мұқият қаралып, міндетті түрде жұмыс барысында ескерілетін болады. Министрліктерге және басқа да құзырлы мекемелерге тиісті тапсырма беріледі.

Ассамблея өзін шынайы демократиялық қағидаттар мен құндылықтарға сүйенетін әрі оны нақты жүзеге асыратын аса маңызды қоғамдық-саяси институт ретінде танытты. ҚХА әртүрлі мәдениеттің қатар дамуына және өзара қарым-қатынасына қатысты қағидаттарды сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл – қазіргі әлемнің ең өзекті мәселесі.

Әлемдегі қақтығыстар мен соғыстардың бәрі ұлттық тәкаппарлықтан, өзге этнос өкіліне және өзге ұлтқа жақын адам не дос деп қарағысы келмеу салдарынан туындайды. Нағыз патриотизмді ұлттық менмендікпен еш шатастырмау керек. Сондықтан біз Ассамблеяны одан әрі дамытамыз. Оның жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіріп, құрамын үнемі жаңартып отырамыз.

Біз – бір елдің перзенті, бір халықтың ұл-қызымыз! Ұлы даланың ұлан-ғайыр жерінде бәрімізге орын жетеді. Осы киелі мекенде бәріміздің де көздің қарашығындай сақтайтын және сол үшін еңбек етіп, өмір сүретін қастерлі дүниелеріміз бар.

Қазақстанның болашағы, балаларымыздың тағдыры, ата-баба мұрасы – бәрі өз қолымызда. Біз уақыттың кез келген сын-қатеріне еңсемізді тік ұстап қарсы тұрамыз. Біз – біртұтас халықпыз, біз барлық сынақты еңсереміз.

Әрбір отандасымның бойынан шынайы патриотизмнің, жоғары азаматтық жауапкершіліктің, өз ісіне деген адалдықтың үлгісін көремін. Дәл осы қасиеттер – Әділетті Қазақстанды сәтті құрудың кепілі!

Бүгін Ассамблея сессиясында заманымыздың қаһармандарына, еңбек адамы мен нағыз азаматтың үлгісін көрсетіп жүрген жандарға алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймын! Жалпыұлттық бірлікті нығайтып, Қазақстанның дамуына үлес қоса беретіндеріңізге сенімдімін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзіhttps://t.co/SqiSnAKLj5 pic.twitter.com/1u3VzlbBE1

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) April 27, 2023

Құрметті Ассамблея мүшелері!

Қадірлі отандастар!

Сессияның соңында мынадай мәселеге назар аударғым келеді. Қазақстан этносаралық татулық пен келісімді сақтау үшін әрдайым орнықты және салиқалы саясат жүргізеді. Бұл – мемлекетіміз үшін мызғымас ұстаным. Қазір дүниежүзі күрделі кезеңді бастан өткеруде. Әлемде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Жаһандық деңгейде жаңа сын-қатерлер пайда болды. Біз заманның осындай қиындығына қарамастан, келешекке нық сеніммен қадам басып отырмыз.

Әділетті Қазақстан көз алдымызда құрылып жатыр. Әрқайсымыз түрлі қорқыныштардың, стереотиптер мен жалған сенімнің шырмауында қалсақ та, артқа жалтақтамай, алға қадам басуымыз керек.

Еліміздің барша азаматының тағдыры жалпыұлттық бірлігімізбен астасып жатыр. Қазақстан – біртұтас ұлт, елімізді әрбір этносы достықты, үйлесім пен келісімді нығайтуға өзінің өлшеусіз үлесін қосып отырған команда деп айтуға болады.

Біз өзіміздің іргелі құндылықтарымызға берік болуымыз керек. Бәріміз және әрқайсымыз үшін қуатты мемлекет пен әділетті қоғам құру жолын табанды түрде жалғастыра отырып, елімізді азаттық пен тәуелсіздіктің мызғымас тірегіне айналдыра алатынымызға сенімдімін.

Ынтымағы бекем жұрттың болашағы баянды болады. Біз бәріміз бір ел болып, татулық пен тұрақтылықты сақтау үшін еңбек етеміз. Ел бірлігін нығайту және Отанымызды өркендету – қасиетті парыз.

Баршаңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Еліміз – бір!

Халқымыз да – бір болсын!

Заңдар

2023 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

2023 жылғы 29 сәуір

Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

Жарлық

2023 жылғы 27 сәуір

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Сайттан іздеу

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halky-assambleyasynyn-adiletti-kazakstan-birlik-turaktylyk-damu-atty-hhhii-sessiyasynda-soylegen-sozi-2731938

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзіhttps://t.co/SqiSnAKLj5 pic.twitter.com/1u3VzlbBE1

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) April 27, 2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы https://t.co/4sYEJEjD8p

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) December 16, 2022

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

2022 жылғы 16 желтоқсан

Құрметті отандастар!

1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.

Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.

Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңызды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылықтарды нығайта береміз. Сол арқылы қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсеміз.

Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы.

Биыл еліміз үшін бетбұрысты жыл болды. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Елдігімізге іштен де, сырттан да зор қауіп төнді. Дегенмен мызғымас бірлік пен ырыс-ынтымақтың арқасында барлық қиындықты еңсеріп келеміз.

Біз ауқымды саяси және экономикалық реформаларды қолға алып, мемлекетімізді жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Бұл бастамаларды табысты жүзеге асыру – әрқайсымыздың қолымызда.

Егемен елімізді одан әрі дамыту – алдымызда тұрған басты міндет. Біз осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажет. Сонда ғана Қазақстан қуатты мемлекетке айналады.

Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Қазақстанымыз өркендей берсін!

Қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-tauelsizdik-kunimen-kuttyktauy-15111357

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы https://t.co/4sYEJEjD8p

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) December 16, 2022

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың бірлескен мәлімдемесі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың бірлескен мәлімдемесі https://t.co/KQYaB5wSFG pic.twitter.com/6hEsu8mu8L

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 15, 2022

Жаңалықтар

Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың бірлескен мәлімдемесі

2022 жылғы

2022 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары болды.

Достық, өзара құрмет пен сенім рухында өткен келіссөздер барысында Мемлекет басшылары стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Президенттер Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы көп ғасырлық достық байланыстар мен тату көршілікке, бауырлас халықтардың терең мәдени-рухани байланыстарына негізделген дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан кейінгі 30 жылдық кезеңінде қол жеткізілген ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атай отырып, Қазақстан-Түрікменстан қарым-қатынастарын жан-жақты нығайту бағытының мызғымастығын және екіжақты ынтымақтастықты екі бауырлас мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сай келетін және Орталық Азия өңіріндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде қызмет ететін өзара іс-қимылдың жаңа сапалы дәрежесіне шығарылғанын растады.

Халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормаларына, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, оның ішінде мемлекеттік егемендік пен тәуелсіздікті, өңірлік тұтастықты, шекаралардың мызғымастығын өзара құрметтеу, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, тең құқықтылық пен өзара тиімділік қағидаттарына берік бейімділігін растай, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығының үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атай келе, 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартта көрсетілген қағидаттарды басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы мәлімдеді:

Президенттер екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың орнықты әрі серпінді дамуының негізгі факторы ретінде сенімді және өзара құрметке негізделген саяси диалогты одан әрі дамытуды және нығайтуды жақтайды.

Қол жеткізілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 25 қазандағы Ашғабат қаласына мемлекеттік сапарының және Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың 2022 жылғы 15 қазандағы Астана қаласына мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша уағдаластықтарды бірлесіп іске асырудың маңыздылығын атап өтеді.

Қазақстан Республикасының және Түрікменстанның Президенттері өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара тығыз іс-қимылды қанағаттанушылықпен атап өтті, сондай-ақ әлем сахнасында өзара іс-қимылын жандандыруға ниетін растады.

Мемлекет басшылары Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері форматы шеңберіндегі өңірлік кооперацияны дамытып, тереңдетудегі қол жеткізілген прогресті жоғары бағалады. Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісіне бірлесе күш салып одан әрі жәрдем көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Президенттер Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың толық іске асырылуын құптады.

Президенттер Каспий маңы өңіріндегі өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау бағыты мен бірлескен күш-жігердің өзгермейтінін растады. Сындарлы диалогты дамыту және жан-жақты ынтымақтастықтың әлеуетін ашу мақсатында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиттерін тұрақты түрде өткізудің маңыздылығы баса айтылды. Осыған орай Мемлекет басшылары Түрікменстанда өткен Алтыншы Каспий саммитінің маңыздылығын және Каспий экономикалық форумын одан әрі өткізу қажеттілігін атап өтті.

Күрделі халықаралық ахуал, мемлекетаралық қақтығыстардың өсіп келе жатқан тәуекелдері мен күшейіп келе жатқан әскери-саяси және экономикалық текетірес аясында тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның институттарының жаһандық мәселелерді шешудегі, орнықты дамуды қамтамасыз етудегі, әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлін арттыру, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың халықаралық әлемге қауіп төндіретін агрессия актілеріне қарсы күш-жігерін біріктіру қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.

Мемлекет басшылары барлық даулы мәселелерді бейбіт түрде саяси-дипломатиялық жолмен шешудің маңыздығын баса айтты.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың өңірлік және жаһандық деңгейлерде диалогты дамытудағы күш-жігерін, оның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының «Халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздік пен орнықты дамуды қолдау мен нығайтудағы бейтараптық саясаттың рөлі мен маңызы», «Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы, 2021жыл», «Орталық Азия өңірінде бейбітшілікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту», «Орталық Азияның бейбітшілік, сенімділік және ынтымақтастық аймағы» қарарларын қабылдау жөніндегі бастамасын жоғары бағалады. Өз кезегінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедов Қазақстанда жан-жақты диалогты нығайтуға бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, «Орталық Азия – Ресей», «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммиттерін өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Президенттер COVID-19 пандемиясы тұрғысынан көрініс тапқан қазіргі заманғы сын-қатерлердің жаһандық сипатын растады, ол күллі адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттердің күш-жігерін ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде тиімді үйлестіруді талап ететінін көрсетті.

Осыған орай Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының жетпіс бесінші сессиясында өз қызметінде Биологиялық және уыттық қаруға тыйым салу туралы конвенциясына негізделетін Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру, сондай-ақ БҰҰ аясында Аурулар мен биоқауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар жүйесін құру туралы бастамаларының өзектілігін атап өтті.

Мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар мен форумдар аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және өзара қолдауға мүдделілігін атап көрсетті.

Тараптар халықаралық терроризмге, экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және халықаралық қауіпсіздіктің басқа да сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы күрестегі екіжақты деңгейде де, халықаралық құрылымдар, оның ішінде 2022 жылдан бастап Түрікменстан өкілі директор қызметін атқаратын Алматы қаласындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) шеңберінде де ынтымақтастықты одан әрі дамытуды қолдады.

Екі мемлекеттің басшылары ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісінде күш біріктіру қажеттігін атап өтті, Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шартты және 2015 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 70/57 қарарымен қабылданған Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей декларацияны іске асыру шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Президенттер сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика және көлік салаларындағы бірлескен жобаларды практикалық түрде іске асырудың маңыздылығын мойындайды.

Мемлекет басшылары өзара қызығушылық туғызатын салалардағы ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту ісінде үйлестіру органы ретінде Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясы қызметінің тиімділігін арттырудың маңызын атап көрсетеді.

Президенттер сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі өрістету үшін қолда бар әлеуетті тиімді әрі кешенді түрде іске қосудың қажеттілігін атап өтеді.

Тараптар тауар айналымын өзара сауданың номенклатурасын кеңейту, қолайлы жағдайлар жасау және қосылған құны жоғары өнімдерді тарту арқылы одан әрі арттырудың маңызын растайды. Мемлекет басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Сауда өкілеттіктерін өзара құру туралы келісімді келісуді және оған қол қоюды жеделдетуді тапсырды.

Мемлекет басшылары шағын және орта бизнес саласындағы бірлескен кәсіпорындардың санын көбейтуге бағытталған іскерлік байланыстарды кеңейтудің қажеттігін баса айтады және бизнес-форумдар мен өнеркәсіп өнімдерінің ұлттық көрмелерін тұрақты түрде өткізуге күш салуды жандандыруға дайын екендіктерін білдіреді. Осыған орай Қазақстан-Түрікменстан Іскерлік Кеңесінің екі елдің кәсіпкерлері арасында тығыз байланыстар мен практикалық өзара іс-қимыл орнату бөлігіндегі қызметін жандандыру қажеттігі атап көрсетілді.

Президенттер инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың, инвестициялар тарту мен оларды мемлекеттік дәрежеде қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Өзара инвестицияларды жан-жақты қолдаудың тетіктерін жетілдіру мақсатында Мемлекет басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді келісуді және оған қол қоюды жеделдетуді тапсырды.

Екі мемлекеттің өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының жоғары әлеуетін қанағаттанушылықпен атай отырып, Президенттер Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның өңірлері арасындағы көп қырлы қарым-қатынасты кеңейтуді жақтады.

Тараптар қолда бар әлеуетін іске қосу мақсатында сыртқы нарыққа тез арада және тиімді шығуды қамтамасыз ететін көлік-коммуникация саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендіктерін білдіреді.

Тараптар «Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» көлік дәлізін оның тартымдылығын жоғарылату арқылы дамытуды, сондай-ақ көлік коммуникацияларын әртараптандыру мақсатында жаңа бағдарларды пысықтауды жалғастырады. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан аумағы бойынша көлік транзитін қамтамасыз ететін «Өзен (Қазақстан) – Гызылгая – Берекет – Этрек (Түрікменстан) – Горган (Иран)» магистралін бірлескен жобаларды іске асыру кезінде басым бағдар болады деп есептей отырып, бұл арқылы теміржол тасымалдарын жүзеге асырудағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтеді.

Президенттер мемлекетаралық қарым-қатынастың іргетасы болып саналатын мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап көрсетеді. Білім, ғылым, туризм және денсаулық сақтау салаларында өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар жоғары оқу орындары арасында байланыстар орнатылғанын құптады.

Мемлекет басшылары өзара негізде 2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Мәдениет күндерін ұйымдастыруды тапсырды. Тараптар бірлескен телевизиялық жобалар, көрмелер, фестивальдер мен өзге де мәдени іс-шаралар өткізуге, ортақ тарихи және мәдени мұраны сақтау мен ілгерілету мақсатында күш біріктіруге дайын екендіктерін білдіреді.

Президенттер экологиялық проблемаларды шешуге, оның ішінде судың, атмосфералық ауаның ластануын, топырақ эрозиясын азайтуға, сондай-ақ табиғи апаттар қатерін төмендетуге бағытталған келісілген шараларды қабылдау қажеттігімен келісті.

Арал және Каспий теңіздерінің бассейнінде, әсіресе экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайды оңалтумен байланысты проблемаларды кешенді шешу үшін күш біріктіру қажеттігін растады. Орталық Азиядағы барлық мемлекеттердің мүдделері мен қатысуын ескере отырып, Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру бойынша бірлесіп күш салуға жәрдемдесуге дайын екендігі айтылды. Жаһандық климаттың өзгеруі мен теңізді қоректендіретін өзендер ағынының азаюына байланысты Каспий теңізінің тартылып бар жатқанына алаңдаушылық білдірілді.

Мемлекет басшылары Орталық Азия трансшекаралық өзендерінің су ресурстары өңір халықтарының ортақ игілігі болып табылады және қазір өмір сүріп жатқан ондаған миллион адамдар мен болашақ ұрпақтардың тағдыры, бүкіл өңірдің тұрақтылығы мен әл-ауқаты осы ресурстардың әділ де ұтымды пайдаланылуына тәуелді деп мәлімдеді. Осыған орай олар өзара түсіністікті нығайтуды және сындарлы ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ өзара қолайлы да әділ шешімдер іздестіруді қолдайды.

Мемлекет басшылары келіссөздер мен сапар шеңберінде қол қойылған құжаттар әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне және Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның бауырлас халықтарының мүдделеріне қызмет ететініне сенім білдірді.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және күллі Қазақстан халқына өзіне көрсетілген қонақжайлық, құшақ жая жылы шыраймен қабылдағаны үшін шын жүректен алғысын білдіріп, Қазақстан Президентін өзіне ыңғайлы уақытта Түрікменстанға қарымта сапармен келуге шақырды.

Қазақстан Президенті шақыруды ризашылықпен қабыл алды. Сапар мерзімдері дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-prezidenti-kasym-zhomart-tokaevtyn-zhane-turikmenstan-prezidenti-serdar-berdymuhamedovtyn-birlesken-malimdemesi-159182

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың бірлескен мәлімдемесі https://t.co/KQYaB5wSFG pic.twitter.com/6hEsu8mu8L

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 15, 2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өттіhttps://t.co/0Iw9iuXjX4 pic.twitter.com/9UueqwOiRF

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 14, 2022

Жаңалықтар

Астана, Қазақстан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті

2022 жылғы

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген делегация жетекшілеріне ризашылығын білдірді.

– Ең алдымен, Қазақстанның ТМД ұйымына төрағалығы аясындағы бастамаларына қолдау білдіріп, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бүгінгі отырысқа Кеңес мүшесі ретінде Түрікменстан Президенті, құрметті Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов алғаш рет қатысып отыр. Осы жердегі әріптестердің және өзімнің атымнан Сізге қош келдіңіз дей отырып, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысын ашық деп жариялаймын. Бүгін Мемлекеттер басшылары кеңесінің қарауына гуманитарлық серіктестікке, қауіпсіздікке және ынтымақтастығымыздың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер ұсынылып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Достастыққа мүше елдердің басшыларын Қазақстан былтыр серіктестермен және ТМД Атқарушы комитетімен бірге атқарған көпжоспарлы жұмыстың негізгі қорытындылары туралы хабардар етті. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өз төрағалығының басымдықтарына сәйкес, қазіргі әлемдік даму процестерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің күш-жігерін көптеген бағыттар бойынша біріктіруге ұмтылды.

– Бірлескен жұмыстың нәтижесінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды сақтауға, сондай-ақ Достастықтың әлеуеті мен халықаралық беделін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар іске асырылды. Күрделі экономикалық жағдайда Достастықтың экономикалық әлеуетін нығайтуға және ТМД-ның 2030 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясының ережелерін орындауға ерекше назар аударылды. Іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін табысты жүзеге асыру іскерлік белсенділікті арттыруға, өзара сауда көлемін ұлғайтуға, экономиканы пандемиядан кейін қалпына келтіру ісін жеделдетуге мүмкіндік берді. Жаһандық және өңірлік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында біз тығыз сауда-экономикалық байланыстарды сақтау үшін қолда бар барлық әлеуетті жұмылдыруымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, климат мәселесі өзекті болып отыр. Мемлекет басшысы климаттың өзгеруі ТМД-ның барлық дерлік елдерінде су ресурстарымен қамтамасыз ету проблемасын шиеленістіре түсетінін атап өтті.

– Біз бұл мәселемен түрлі халықаралық формат аясында айналысып, екіжақты негізде өзара тиімді шешімдерді қарастырамыз. Сонымен бірге Достастықтың бүкіл кеңістігінде су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ортақ әдістерін әзірлейтін уақыт келді. ТМД Атқарушы комитетіне трансшекаралық су ресурстарын өзара тиімді пайдалану жөнінде нақты ұсынымдар беруді ұсынамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отырыс барысында сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомоли Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaevtyn-toragalygymen-tmd-ga-mushe-memleketter-basshylary-kenesinin-shagyn-kuramdagy-otyrysy-otti-149438

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өттіhttps://t.co/0Iw9iuXjX4 pic.twitter.com/9UueqwOiRF

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 14, 2022