Араб – Yeni Ekip Gazetesi

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады
Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады

2024 жылғы

🇰🇿🇪🇬 Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады

🔗 https://t.co/4Uvvi83bjO pic.twitter.com/KjoQ6HWmFV

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) June 4, 2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының спикеріне ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға жасаған сапары екіжақты парламентаралық байланысты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

– Біз араб мемлекеттері арасынан, ең алдымен, Мысырмен дипломатиялық қатынас орнаттық. Бүгінде Мысыр – Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі басты серіктестерінің бірі. Сындарлы саяси диалог жолға қойылды. Көптеген екіжақты шарт пен келісім жасалды. Осы қарқынды бәсеңдетпей, ынтымақтастықты нығайта түсу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Сауда-экономикалық байланыстар екіжақты қарым-қатынастарымыздың басты негізі болуға тиіс. Бұған қос мемлекеттің әлеуеті толық жетеді, – деді Президент.

🇰🇿🇪🇬 Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады pic.twitter.com/yakmDpiVF7

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) June 4, 2024

Өз кезегінде Әбделуахаб Әбделразеқ Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді.

– Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты, соның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Бұл алға қойған мақсаттарымызды тиімді жүзеге асыру үшін жасалған дұрыс қадам деп есептеймін. Мысырлықтардың Қазақстанға деген құрметі мен ықыласы ерекше. Екі елді біріктіретін ортақ дүниелер көп. Жуық арада қос тарапқа да тиімді шаралар қабылданатынына сенімдімін, – деді Мысыр Сенатының спикері

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы парламенттік дипломатияны дамыту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Мысыр компанияларын көлік-транзит, туризм, цифрландыру салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.

Сондай-ақ Сұлтан Бейбарыс мешітін күрделі жөндеуден өткізіп, тарихи тұлғаның есімін ел жадында жаңғыртуға зор үлес қосқаны үшін Мысыр үкіметіне ризашылығын білдірді.

Бұдан бөлек, кездесуде екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы қарым-қатынасы мен жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Орайлы сәтті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге жылы лебізі мен сәлемін жолдады.

🇰🇿🇪🇬 Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады

🔗 https://t.co/4Uvvi83bjO pic.twitter.com/KjoQ6HWmFV

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) June 4, 2024

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-mysyr-arab-respublikasy-parlamenti-senatynyn-toragasy-abdeluahab-abdelrazekti-kabyldady-454937

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесі
🇰🇿 🇦🇪 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/Wlh4HFnBdv pic.twitter.com/y3PYjBhU3i

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 17, 2023

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесі

2023 жылғы

2023 жылғы

1. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен 2023 жылғы 16-18 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапар жасады.

2. Президенттер кездесу барысында саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейту жолдарын қарастырып, бірқатар халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

3. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың тығыз диалог шеңберінде және өзара сенім мен сыйластық ауанында дамып, екі ел халықтарының мүдделеріне орай түрлі саладағы серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.

4. Тараптар екі ел арасындағы жемісті экономикалық серіктестіктің маңыздылығын растай отырып, ұлттық мүдделерге сәйкес екіжақты экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге ниет білдірді. Оның ішінде жаңартылатын энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы, тау-кен, көлік-логистика, құрылыс-девелопмент және халықаралық қаржы орталықтары арасындағы ынтымақтастық сынды перспективалы бағыттарды талқылады.

Президенттер екі ел арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің ратификациялануын жоғары бағалап, оның екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

5. Тараптар мәдени алмасуларды тереңдету, сондай-ақ туризм, спорт, білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту халықтарды жақындастыруда, олардың арасындағы түсіністікті тереңдетуде, мәдениеттерді өзара байыту мен екіжақты қатынастарды дамытуда маңызды болып табылатынын атап өтіп, осы салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

6. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев және Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян халықаралық қауіпсіздік пен орнықты даму істеріндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін күшейтуге ерекше мән берді.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің 2022-2023 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі тиімді рөлін жоғары бағалады.

7. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері өкілдерінің 2022 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жұмысына белсенді түрде қатысқанына алғыс білдірді. Тараптар Съездің барлық бастамаларын, сондай-ақ дін лидерлерінің дінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық диалогқа жәрдемдесу жөніндегі күш-жігерін жалғастыруға келісті.

8. Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян достас Қазақстан Республикасына Дүниежүзілік сауда ұйымының 13-ші Министрлік конференциясын 2024 жылғы ақпан айында Әбу Даби қаласында өткізуді қолдағаны үшін алғысы мен ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, Биік Мәртебелі Президент Біріккен Араб Әмірліктерінің Шанхай ынтымақтастығы ұйымына диалог бойынша серіктес ретінде қосылуына Қазақстанның қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастық бағытындағы іс-қимылдың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

9. Президенттер Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға және оның әлеуетін бірлесіп дамытуға өз ниеттері мен қолдауларын білдірді.

Тараптар халықаралық және өңірлік деңгейде екі ел көтерген халықаралық бастамалар бейбітшілікті, орнықты дамуды және жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтуға қызмет ететінін атап өтті.

10. Тараптар екі елдің өңірлік және халықаралық ауқымда сенім мен өзара түсіністік ахуалын орнатуға және қолдауға деген ұмтылысын, сондай-ақ халықаралық мәселелерді тек дипломатиялық құралдар арқылы бейбіт жолмен шешу қажеттігін атап өтті.

11. Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан Республикасының Халықаралық биологиялық қауіпсіздік ұйымын құру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.

12. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға жылы шыраймен қабылдағаны және жоғары деңгейдегі қонақжайлылығы үшін шынайы алғысын білдіріп, оны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Шақыру қабылданды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-prezidentikasym-prezidentisheyh-muhammed-ben-zaid-al-nahayannyn-birlesken-malimdemesi-1704145

🇰🇿 🇦🇪 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/Wlh4HFnBdv pic.twitter.com/y3PYjBhU3i

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 17, 2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді
🇰🇿 🇦🇪 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргіздіhttps://t.co/ABpijZdoXo pic.twitter.com/CvSzCKn2Xg

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 17, 2023

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді

2023 жылғы

БАӘ, Абу Даби қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі «Әл-Уатан» сарайында өтті. Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Президенттер екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін екі ел басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы құрмет көрсеткені үшін шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға алғыс айтты. Сондай-ақ биыл шетелге алғашқы ресми сапары Біріккен Араб Әмірліктерінен басталып отырғанын атап өтіп, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуда бұл сапардың маңызы зор екеніне назар аударды.

– Әмірліктер – ислам және араб әлеміндегі біздің сенімді әрі басты стратегиялық серіктесіміз. Сіздің еліңіз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанға қолдау көрсетіп келеді. Қазақ халқы мұны ешқашан ұмытпайды. Әсіресе, елордамызды көркейтуге Араб Әмірліктері зор үлес қосты. Бұл – шынайы достықтың айқын көрінісі, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан мен БАӘ арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толғанын еске салды. Сонымен бірге осы кезеңде түрлі саладағы ынтымақтастық нығая түскенін, екі ел арасында мазмұнды әрі ашық саяси диалог орнағанын атап өтті.

– Екі елдің қарым-қатынасында түрлі салада жетістіктер аз емес. Дегенмен екі мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретін кез келді. Осы сәтті пайдаланып, Сізге зор алғысымды білдіремін, – деді Президент.

Өз кезегінде Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғаннан бері екі елдің ынтымақтастығы жоғары деңгейге көтерілгеніне тоқталып, Қазақстанмен саяси және экономикалық байланыстар аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.

– Елдеріміздің энергетика, ғарыш, технология, сауда салаларындағы ынтымақтастық әлеуеті жоғары деп санаймыз. Осы сапар барысында жаңартылатын энергия саласында маңызды құжаттарға қол қойылды. Келісілген жобалардың толыққанды жүзеге асатынына зор үміт артамын. Елдеріміздің ауаға таралатын көміртегі мөлшерін азайту жөніндегі жоспарлары да ұқсас. Біріккен Араб Әмірліктері көміртегі бейтараптағына 2050 жылға дейін жетуді жоспарласа, Қазақстан бұл мақсатты 2060 жылға дейін орындауды көздеп отыр. Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін өте маңызды мәселе, – деді Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті.

Келіссөз барысында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, тараптар жаңартылатын энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы, тау-кен, көлік-логистика, құрылыс-девелопмент және халықаралық қаржы орталықтары арасындағы ынтымақтастық сынды перспективалы салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаласты.

Екіжақты ынтымақтастықтың басқа да басым бағыттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Бірлескен мәлімдемесінде жарияланды.

Ресми сапар аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларация;

2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Бас азаматтық авиацияның басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «KIDF» қоры және «Masdar» компаниясы арасындағы Қағидаттар туралы келісім;

4. «KIDF» қоры мен «Masdar» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

5. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «Abu Dhabi Ports» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

6. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ және «Abu Dhabi Ports Group» компаниясы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау және профилактика министрлігі арасындағы Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

8. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Ануар Гаргаш атындағы Дипломатиялық академия арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық кітапханасы мен архивтері арасындағы Архив ісі саласындағы халықаралық байланыстарды жүзеге асыру жөніндегі келісім.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-birikken-arab-amirlikterinin-prezidenti-sheyh-muhammed-ben-zaid-al-nahayanmen-kelissoz-zhurgizdi-1702157

🇰🇿 🇦🇪 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргіздіhttps://t.co/ABpijZdoXo pic.twitter.com/CvSzCKn2Xg

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 17, 2023